Сенат депутаттары Халықтар Достығы Университетінің жастарымен кездесті

Сенат депутаттары Халықтар Достығы Университетінің жастарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Бектаев Әли Әбдікәрімұлы пен Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымымен және студент жастармен кездесті. Іс-шара Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруді мақсат еткен.

Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән -маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс — тіршілігіне, халықтың әл — ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді Әли Әбдікәрімұлы Бектаев.

Сондай-ақ, Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық — саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу соңында жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық — техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Жаңа реформалармен Жаңа Қазақстанға жол ашайық. Референдумда өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...