ТүркПА байқаушылары Құрылтай сайлауы туралы: бұл Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға

ТүркПА байқаушылары Құрылтай сайлауы туралы: бұл Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) ҚР Құрылтай депуттарының сайлауында халықаралық байқауы жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ТүркПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местен Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында миссия жұмысының қорытындысымен таныстырды.

«Таңертең сағат 07.00-де сайлау учаскелері ашылғаннан бастап барлық байқаушылар жұмыс орындарына келіп, кешкі сағат 20.00-ге дейін миссиясын орындады. ҚР Құрылтайына бірінші сайлау 23 тамызда өтті. Бұл Қазақстан Республикасы үшін тарихи сәт, бұл ел халқы үшін тарихи кезең», – деді спикер.

Миссия Орталық сайлау комиссиясының, Өңірлік сайлау комиссияларының жұмысын жоғарғы бағалап, әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың сайлауға белсенді қатысқанын атап өтті.

Осман Местен Қазақстан халқын бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...