Халықаралық сарапшылар: сайлау азаматтардың сенімін қамтамасыз етеді

Халықаралық сарапшылар: сайлау азаматтардың сенімін қамтамасыз етеді
М.Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институты кеңесінің мүшесі, Орталық Азия бойынша сарапшы Ежи Оледзкий (Польша) Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Құрылтай сайлауы саяси ахуалды бір арнаға түсіріп, мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформаларды жалғастыру өте маңызды. Бүгінгі сайлаудың нәтижесі ішкі реформалардың бағыты мен қарқынын, сондай-ақ көпвекторлы сыртқы саясаттың жалғасын айқындайды. Польша және Еуропалық Одаққа мүше басқа да елдер үшін Қазақстанның тұрақты әрі сенімді экономикалық және саяси серіктес болып қала беруі аса маңызды», – деді спикер.

The Geneva Times газетінің бас редакторы, le Conseil universel des Droits de l ' Homme ҮЕҰ Басшысы Муиз Вахабдин (Швейцария) екі сайлау учаскесіне барғанын айтты.

«Дауыс беру процесі ашық әрі жақсы ұйымдастырылған. Ашықтық сенімді қалыптастырады, ал сенім – демократиялық процестің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Қазақстан – өңірдегі маңызды мемлекет. Ол Батыс пен Шығысты, түрлі мәдениеттер мен экономикалық аймақтарды байланыстырады. Елдің дамуында мықты институттардың рөлі зор. Ең маңыздысы – сайлау азаматтардың сенімін қамтамасыз етеді», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...