Халықаралық сарапшылар Құрылтайдың маңызына тоқталды

Халықаралық сарапшылар Құрылтайдың маңызына тоқталды
Саяси шолушы, халықаралық қатынастар және Таяу Шығыс саясатының маманы Басель Аль-хадж Джасемнің (Нидерланд) айтуынша, Құрылтай сайлауының маңызы ерекше. Себебі Қазақстанның маңызы географиялық шекарасынан әлдеқайда асып түседі, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандағы тұрақтылық еліміз үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды. Бұл сайлаудың мәні тек депутаттарды таңдаумен шектелмейді. Ол – демократиялық институттарды дамытудың жаңа кезеңі», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Ал Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры, экономика және халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Гленн Холе (Норвегия) сайлау учаскелеріне барудың өзі ол үшін маңызды болғанын айтты. Оның пікірінше, сайлау учаскелері – ұлттық саяси жүйелердің өз тәжірибесін сайлаушыларға жеткізетін маңызды орындарының бірі.

«Біз бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Мен үшін адамдармен сөйлесу маңызды болды. Бірнеше азаматпен әңгімелесу барысында әртүрлі пікірлерді естідім. Олар геосаясат, саяси реформалар және қоршаған орта мәселелерін қозғады. Сондықтан мықты институттардың болуы өте маңызды», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...