«Дауыс» байқаушылар коалициясы: Сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Дауыс» байқаушылар коалициясы: Сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді
Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылауға 197 үкіметтік емес ұйым мен белсенділер қатысуда. Олар бір ай бойы ҚР сайлау туралы заңнамасын толық меңгеріп, халықаралық байқау стандарттарын зерделеді. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы 25 мыңға жуық маман дайындаған. Олар таңғы сағат 6.00-ден бастап ел қалалары, аудандары мен ауылдарында 9779 ашық сайлау учаскелерінде жұмыс атқарды. Бұл туралы «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов онлайн телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Біздің ахуалдық орталықтар үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Оған үнемі жергілікті байқаушыларымыздан ақпарат түсуде. Ол ақпарат өңделіп, тексеріліп, жүйеленеді. Қазір сол мәліметтер бойынша әрбір сайлау учаскесіндегі жағдай қалыпты. Дауыс беру өтіп жатыр. Комиссия мүшелері белгіленген тәртіп бойынша атқарып жатыр. Азаматтардан осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін қандай да бір заң бұзушылықтар не болмаса арнайы көңіл бөлетін жайттар орын алған жоқ. Біздің байқаушыларымыз дауыс учаскелері жабылғаннан кейін санақ жүргізу үрдістерін толық байқап, өздерінің хаттамаларын бізге береді. Соларды қорытындылап, осы науқанға қоғамдық ұйым ретінде бағамызды беретін боламыз. Халықтың саны көп, көңіл-күйі көтеріңкі», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...