Халықаралық байқаушы: сайлауда мүгедектігі бар жандарға барлық қолайлы жағдай жасалған

Халықаралық байқаушы: сайлауда мүгедектігі бар жандарға барлық қолайлы жағдай жасалған
Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты ұйымдастырылған онлайн марафон аясындағы ОКҚ брифингіне Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев бірнеше дауыс беру учаскелерін аралап шыққанын айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның мәлімдеуінше, мүгедектігі бар жандарға сайлауға қатысуға барлық қолайлы жағдай жасалған.

«Айтулы күнде Қазақстанда болғаныма қуаныштымын. Түркі мемлекеттері ұйымы тарапынан Қазақстандағы Құрылтай сайлауын бақылаудамыз. Жалпы, миссиямыз – сайлаудағы ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуін қадағалау. Түркі мемлекеттері ұйымынан бірнеше байқаушымыз осы сайлауға қатысып, миссиямызды жүзеге асырып отырмыз. 23 сайлау учаскесінде болдық. Сол жердегі бақылау нәтижесінде учаскелерде қандай да бір заңға қарсы әрекеттер тіркелмеді. Сайлау барынша ашық өтуде. Біз сайлаушылармен де сұхбаттастық. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың сайлауда өз ойларын білдіруіне өте қолайлы жағдай жасалған. Осыған куә болдық. Кейін біз сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың дауыс беру процесін барынша талапқа сай жүргізілгенін байқадық. Байқаушылардың да сайлау кезінде жіті бақылау жүргізгенін көрдік. Қазақстанда сайлау процесінің жақсы ұйымдастырылғанына көзіміз жетті», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...