Үкіметте инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Үкіметте инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында «Айдарлы» жобасын, Жетісу облысының Кербұлақ ауданында тау-кен байыту комбинатын салу, Көксай кен орнын игеру жөніндегі инвестициялық жобаны, «Новоджамбульский фосфорный завод» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС жобаларын, Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр стансасын, Жезқазған ЖЭО-да қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысын салу мәселелері қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірлер мен өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларды табысты іске асыру үшін Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету жалғасатынын растады.

Жиын барысында жобаларды іске асыруға әсер ететін мәселелерді уақтылы шешу үшін мемлекеттік органдар мен компаниялардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қаралған инвестициялық жобалар жөніндегі бастамаларды пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...