Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...