Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалуда

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалуда

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Еліміздің прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі - физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғалуын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын қорғау.Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарының сақталуына Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы талдау жүргізіп, нәтижесінде аудан аумағында орналасқан отыз тоғыз ғимарат (сегізі мемлекеттік және отыз бірі кәсіпкерлік) қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына бейімделмегені және он екі автотұрақта мүгедектердің көлік құралдарын қоюына арналған арнайы орындар мүлдем қарастырылмағанын анықтаған.Осы орайда, Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті) енгізген қадағалау актісі негізінде нысандар мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына бейімделіп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.

 

Еске сала кетейік, бүгінде Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында 405 қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...