Оқушыларының жазғы демалысы тиімді өтпек

Оқушыларының жазғы демалысы тиімді өтпек

Оқушыларының жазғы демалысы тиімді өтпек, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Шымкент қаласында 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын қамтуда.

Балаларды сауықтыру, жетілдіру, үйрету сияқты бос уақытты тиімді өткізу мақсатындағы шараларға биылғы қала бюджетінен 300 миллионға жақын қаржы бөлінген болса, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.

Аз қамтылған 7 241, балалар үйіндегі 147 және «Дарын» мектебінен 260 балаға саяжай лагерлерінде тегін демалуға жолдама берілсе, 27 655 оқушының ата-аналары есебінен демалатыны анықталған.

Бұдан бөлек, 130 мектепте сауықтыру бағытында 151 331 оқушыны түрлі үйірмелер және спорт секцияларымен қамту жоспарланған.

Саяжай лагерлеріне жолдама үшін аз қамтылған отбасы ата-аналары өтініштері ХҚО және egov порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда.

Жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы, мәдениет саласы 12 000, спорт саласы 14 000 баланы жеке кәсіпкерлер арқылы балалардың қызығушылыға қарай үйірмелерге қамтуда. Бұл жаз бойы жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтарында тегін үйірмелер ашылып, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың тарихи-мәдени орындарына экскурсиялар өткізу жоспарланған.

Шымкент қалалық оқушылар сарайының басшысы Бақытжан Мұстафаевтың айтуы бойынша Оқушылар сарайында ұйымдастырылатын жазғы лагерьде  маусым- 8 күннен-15 мың теңге, 3 мезгіл тамақ қарастырылған, үйірмелер, бассейін бар, флешмоб, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қаланың сыртындағы Ақсу лагерінде аз қамтылған отбасыларының балалары 2 ай бойы 6 маусымда 1200 бала тегін демалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...