Астанада «Таза Қазақстан» жобасын қолдауға бағытталған Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті

Астанада «Таза Қазақстан» жобасын қолдауға бағытталған Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті
Астанада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын грант аясында Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті. Хакатонға Астана қаласындағы мектептер мен колледждердің 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы тың бастамаларды қолдау, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, белсенділігін арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу.

Екі күн бойы қатысушылар үшін қалдықтарды өңдеу, қаланы көгалдандыру, экологиялық сауаттылықты арттыру, қоршаған ортаны заманауи технологиялар арқылы бақылау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бағыттары бойынша білім беру сессиялары ұйымдастырылды.

Қатысушылар тәжірибелі мамандармен бірге экологиялық жобалар әзірлеп, қорытынды кезеңде өз жұмыстарын сарапшылар алқасына таныстырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...