Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтудің электрондық кезегі енгізілуде

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтудің электрондық кезегі енгізілуде
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыттағы кезекті жаңашылдықтардың бірі – медициналық-әлеуметтік сараптама аясында көзбе-көз куәландырудан өтуге арналған электрондық кезек сервисінің енгізілуі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта пилоттық жоба Ақмола облысы мен Алматы қаласында іске асырылуда. Жаңа тетік азаматтарға МӘС бөлімшесіне барудың өзіне қолайлы күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет алушыларды қабылдау үдерісін тиімді ұйымдастырып, күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық кезек келушілер легін жұмыс күні бойына біркелкі бөлуге мүмкіндік беріп, қабылдауды ұйымдастырудың тиімділігін арттырады және азаматтар мен медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүзеге асыратын мамандар үшін барынша қолайлы жағдай қалыптастырады.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері алдын ала жазылу мүмкіндігін 2,8 мыңға жуық адам пайдаланды. Жоба аясында алынған тәжірибе жаңа сервистің тиімділігін бағалауға және оны әрі қарай жетілдіру бойынша нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді.

Заманауи цифрлық құралдарды енгізу медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Жаңашылдықтың басты мақсаты – МӘС жүргізудің қолданыстағы тәртібін сақтай отырып, қызмет көрсету сапасын арттыру және оны азаматтардың қажеттіліктеріне барынша бейімдеу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...