Мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауымен 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды

Мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауымен 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы нәтижесінде 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

1 шілдедегі жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,6 мыңнан астам тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар беріліп, жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған тиісті шаралар қабылданды.

Жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Тексерулер барысында бірқатар кәсіпорындарда жұмыскерлер алдындағы жалақы бойынша берешек анықталды. Жұмыс берушілермен бірлесіп берешекті өтеу кестелері бекітіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды. Соның нәтижесінде берешектің бір бөлігі өтеліп, жүздеген жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің еңбек міндеттемелерін орындаудағы жауапкершілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...