Инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысының жыл ішінде алғаш рет оң динамикаға шығуына ықпал етті

Инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысының жыл ішінде алғаш рет оң динамикаға шығуына ықпал етті
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай табыстарының динамикасын талдады. Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы соңғы жылы алғаш рет оң серпінге шықты. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ол 0,1%-ға өсті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы айына 252 619 теңге болған. Бұл 2025 жылғы I тоқсан деңгейінен 11,8%-ға жоғары. Инфляциялық процестердің біртіндеп баяулауы, атап айтқанда тұтыну бағасының тұрақтануы маңызды фактор болды. Жыл басынан бері жылдық инфляция деңгейі тұрақты баяулап, ағымдағы жылғы маусымда 10,3%-ға дейін төмендеді.

Жалдамалы жұмыстан түскен кірістер халықтың барлық ақшалай кірісінің үштен екісін құрайтын азаматтардың әл-ауқатының негізгі көзі болып қала береді. Бұл ретте еңбекақы төлеу деңгейі экономика салаларында айтарлықтай ерекшеленеді.

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша орташа айлық номиналды жалақы 9,1% - ға өссе, нақты жалақы индексі 97,7%. Сонымен қатар, еңбекақы төлеу динамикасы экономикалық қызмет түрлерінде айтарлықтай ерекшеленді. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ауыл шаруашылығында – 20,3%-ға (нақты мәнде – 7,7-ға), қаржы және сақтандыру қызметінде – 18,1%-ға (5,7%), көлік пен қоймалауда – 12,9%-ға (1,1%), өңдеу өнеркәсібінде – 14%-ға (2,1%) тіркелді. Бұл бірқатар салаларда, ең алдымен экономиканың мұнай емес секторында еңбекақының озыңқы өсіп отыруының сақталуын айғақтайды.

Экономиканың мұнай емес секторындағы жалақының жоғары өсу қарқыны өте маңызды. Өйткені ол өндірісті дамыту, еңбек өнімділігінің өсуі және сапалы жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру мүмкіндіктерінің біртіндеп кеңеюін көрсетеді.

Халықтың нақты табысының одан әрі тұрақты өсуі Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Ол үшін ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қосылған құны жоғары салаларды дамыту секілді, еңбекақыны ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін көздейтін халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары іске асырылуда. Инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуімен ұштастыра отырып, осы шараларды іске асыру нақты табыстың неғұрлым орнықты өсуін және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚНРДА-ның 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасына сәйкес халықтың нақты табысының нысаналы өсуі жыл сайын 2-3%-дан төмен емес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда «Алатау қаласының арнаулы...

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты ақшалай...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының...

Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күні қаладағы кварталішілік жылу желілерін қайта жаңғырту...