«Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар!» тақырыбында фитнеске арналған спорттық киім дизайны бойынша өткен республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Байқауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Антиконтрафакт-2026» республикалық акциясы аясында ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
«Үздік киім дизайны» номинациясының жеңімпазы ретінде Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі КММ, 11-сынып оқушысы Днепровская Дарья Сергеевна атанды. Қостанай облысының Әділет департаментінде оған диплом мен естелік сыйлық – «Яндекс Алиса» табысталды. Сонымен қатар, ETHNO Fashion командасы жеңімпазға байқауға ұсынылған эскиз негізінде авторлық үлгіні дайындауға және JAS DESIGN жас дизайнерлер көрсетіліміне қатысуға сертификат сыйлады.
«Көрермендер таңдауы» номинациясының жеңімпазы Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы Жоғары колледждің студенті Әділбекова Ақниет Шыңғысқызы атанды. Қызылорда облысының Әділет департаментінде жеңімпазға диплом мен естелік сыйлық – «Яндекс Алиса» табысталды. Сондай-ақ, жеңімпаздың жетекшісі Абдуллаева Жансая Абдуллақызы жеңімпазды дайындауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл байқау шығармашылықтың, инновациялардың және зияткерлік меншіктің жастарды біріктіріп, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына және Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқын көрсетті.


