Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ТМД және Орталық Азия аймағы бойынша Philip...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ...