Президент VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады

Президент VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады

Кездесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу мақсаттарына сай телекоммуникация нарығын дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан VEON компаниясының отандық телекоммуникацияны және цифрлық экожүйені өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Президент жасанды интеллект еліміздегі цифрлық трансформацияның жаңа кезеңінде экономикалық өсімнің басты факторына айналғанына назар аударды.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев VEON компаниясының басшылығын заманауи есептеу жүйесі нысандарын салу және «бұлтты» сервистерді дамыту ісіне белсенді үлес қосуға шақырды.

Мухтерем Каан Терзиоглу компанияның озық телекоммуникация технологияларын енгізу және халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру жоспарын таныстырды. VEON алдағы үш жылда бизнесін екі есе ұлғайтып, еліміздің экономикасына тағы бір миллиард доллар инвестиция құюға ниетті. Инвестор «Цифрлық Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға аса қызығушылық танытты. 

Мемлекет басшысы компанияның бағыт-бағдарын құптап, еліміз инвесторларға қолайлы жағдай жасауға және өзара тиімді серіктестік қатынастарды нығайтуға әрдайым бейіл екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Anadolu Group холдингінің басқарма төрағасы Камил Сүлейман Языджимен...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп...