Мемлекет басшысының атынан Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табысталды

Мемлекет басшысының атынан Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табысталды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Гроссмейстер II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Аида Балаева Бибісара Асаубаеваның отандық шахмат спортының дамуына, зияткерлік ойындарды жастар арасында кеңінен насихаттауға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Бибісара Асаубаева – әлемдік додаларында ел намысын абыроймен қорғап жүрген көрнекті шахматшы. Ол блицтен үш мәрте әлем чемпионы атанып, осы бәсекеде жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ жуырда Норвегияда өткен беделді Norway Chess супертурнирінде топ жарып, тағы бір жарқын жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, «Барыс» ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени қызметке сіңірген ерекше еңбегі, сондай-ақ халықтар арасындағы ынтымақтастықты және мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...