Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

Ақмола облысы, Щучинск қаласы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті.

Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және...