Композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илия Жақановтың туғанына – 90 жыл

Композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илия Жақановтың туғанына – 90 жыл

9 маусым күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Дала сазының академигі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандарды оның өмір жолы мен еңбектерімен кеңінен таныстыру. Көрмеде Илия Жақановтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ғылыми мақалалар, естеліктер және мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме барысында кітапхана қызметкерлері Илия Жақановтың қазақ әдебиеті, музыка өнері және руханиятының дамуына қосқан зор үлесі туралы әңгімелеп, оның шығармаларының тәрбиелік, танымдық және рухани маңызына тоқталды.

Іс-шараға қатысқан оқырмандар жазушының әдеби мұрасымен танысып, оның шығармашылық жолы мен мәдениет саласындағы еңбектері жөнінде тың мәліметтер алды. Сонымен қатар, көрме жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қаламгер мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ