Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет экономиканы...