Кәсіпкерлер таңбалау шығындарына 50% қосымша шегерім алады

Кәсіпкерлер таңбалау шығындарына 50% қосымша шегерім алады

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 16-шы отырысында тауарларды таңбалау жүйесін енгізу кезіндегі бизнесті қосымша қолдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов атап өткендей, таңбалауды енгізу бизнестен өндірістік желіні жаңғырту, жабдық сатып алу секілді бірқатар едәуір шығынды талап етеді. Кәсіпкерлердің қаржылық ауыртпалығын азайту мақсатында сәйкестендіруге қажет жабдық сатып алуға жұмсалған шығынды шегерімге нақты жұмсалған шығын сомасының 150% мөлшеріне жатқызу ұсынылды.

Жобалық кеңсе отырысына қатысушылар бұл ұсынысты қолдады. Тиісті түзету Салық кодексіне енгізіледі.

Сондай-ақ, отырыста резидент еместер үшін электрондық шот-фактура жазу мерзімін ұзарту бойынша түбегейлі шешім қабылданды. Мерзім ұзартылады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҰКП норманы түпкілікті пысықтауда. Резидент еместер үшін ЭШФ ҚҚС бойынша декларация тапсыратын күннен бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей жазылып берілуі қажет.

Сонымен қатар, отырыста еңбекақы төлеу қоры төлемдерін біріздендіру бойынша пилоттық жобаны әзірлеу жайы талқыланды. Қазіргі уақытта оларды салық төлеушінің кабинеті арқылы басқару қарастырылуда. Барлық міндетті төлемді есептеу үшін жұмыс берушіге қызметкердің ЖСН-ы мен оның жалақы мөлшерін көрсету жеткілікті. Жүйе қажетті есептеуді автоматты түрде жүргізеді.

Осы тетікті енгізу еңбекақы төлеу қорынан төлем жүргізу міндеттемелерін орындауды едәуір жеңілдетіп, бизнестің әкімшілік жүктемесін қысқартуға, стандартты есеп айырысу операцияларын орындау үшін бухгалтерлік қызметті тарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau...

«Тұтастай алғанда, қаланы тиімді негізде салып, жан-жақты дамыту керек. Барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға...

«Осы тұста мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына байланысты тағы да атап өткім келеді. Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру...

«В этой связи хочу еще раз отдельно остановиться на концепции «Таза Қазақстан». Необходимо всегда уделять особое внимание благоустройству городов и...