Іс-шара арнайы дайындалған бейнероликпен басталды. Бейнероликте құқық бұзушылықтың салдары мен адамның өмірге деген көзқарасының өзгеруі туралы сұхбаттар көрсетілді.
Іс-шараға буллинг фактілері бойынша есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Прокуратура өкілдері балаларға өзара сыйластық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын атап өтіп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен бақылауды күшейту қажеттігін жеткізді.

