Шымкентте ақылды бағдаршамдар адам өмірін сақтауға көмектеседі

Шымкентте ақылды бағдаршамдар адам өмірін сақтауға көмектеседі

Шымкент қаласында енгізілген Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жедел жәрдем көліктерінің қозғалысына басымдық беруді қамтамасыз етіп, осылайша науқастарға шұғыл көмек көрсетуге оң әсерін береді.

Қазіргі таңда 5 реанимациялық жедел жәрдем көлігі ITS жүйесімен байланыстырылған трекерлермен жабдықталған. Арнайы шақыртуға шыққан көлік жол қиылысына жақындағанда жүйе автоматты түрде бағдаршамдарды басқарып, көліктің бағыты бойынша «жасыл дәліз» қалыптастырады.

Бұл жедел жәрдем бригадаларының оқиға орнына уақтылы жетуіне мүмкіндік беріп, адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.

Бүгінде ITS жүйесі қаладағы 354 бағдаршам нысанын қамтып отыр. Жүйе көлік ағынын нақты уақыт режимінде сараптап, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу...

«Развитие города должно быть комплексным, соответствовать передовым международным строительным нормам и правилам. В целом, цель концепции Alatau...