Қазақстанда 182-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 182-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев Қостанай облысы Денисов ауданының Свердловка ауылында 182-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымын ашты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа бекет 1800 ден астам адам тұратын Подгорный, Зааятское, Аясткое және Качержиновка елді мекендерін өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді.

182 -ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті жергілікті кәсіпкер Инна Корнееваның қолдауымен салынды. Мұнда еріктілердің тәулік бойы кезекшілік атқаруына барлық қажетті жағдай жасалған.

ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы, өрт-техникалық жабдықтар, арнайы қорғаныш киімдері берілді.

Еріктілер өрт қауіпсіздігінің негіздері, өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтар мен байланыс құралдарын пайдалану бойынша оқытудан өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу...