Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал хорват халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ