Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.
Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...