Астанада креативті индустрияны дамыту және жергілікті бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды

Астанада креативті индустрияны дамыту және жергілікті бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды

Астанадағы AU HUB алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушылар шығармашыл жастарды, кәсіпкер әйелдерді, қоғамдық ұйымдар мен өнер адамдарының басын қосқан AU HUB креативті хаб жұмысымен танысты. Іс-шара аясында отандық брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары, әлеуметтік жобалар, шығармашылық бастамалар мен әйелдерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.

Жиын барысында креативті индустрияны дамыту, шығармашылық жобаларды коммерцияландыру, өңірлердегі тың жобаларға қолдау көрсету, шығармашыл жастарға қолайлы орта қалыптастыру және жергілікті брендтерді жаңа медиа арқылы кеңінен таныту мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ креаторлардың өз жобаларын көпшілікке таныстырып, шығармашылық серіктестер тауып, нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтетін орта қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта креативті экономиканы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...