Жетісу ауданында жолдар жаңарып, қоғамдық кеңістіктер кең көлемде абаттандырылады

Жетісу ауданында жолдар жаңарып, қоғамдық кеңістіктер кең көлемде абаттандырылады

Алматы қаласының Жетісу ауданында 2026 жылы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасуда. Биыл аудан бойынша жалпы ұзындығы 42 шақырымды құрайтын 52 көшеде жол жөндеу жүргізіліп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмақ.

Жыл соңына дейін 31 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылып, 5 мың метр техникалық тротуар салынады. Сонымен қатар, қауіпті учаскелерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Кемел шағынауданында көшкін қаупін азайту жұмыстары қолға алынған.

Ауданның дамуы тек жол инфрақұрылымымен шектелмейді. Биыл 12 гектардан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25 жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Боралдай мен Жангелдин көшелеріндегі скверлер жаңартылып жатыр: 2,5 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 3 мың метр автоматты суару жүйесі жүргізіледі. Сонымен қатар 2,5 шақырым тротуар салынып, 120 орындық пен 250 жарық шамдары орнатылады.

Қарасу өзені бойындағы жағалау да жаңартылып, тұрғындарға арналған заманауи демалыс аймағына айналады.

Жалпы, бұл жобалар ауданның инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...