Еңбек министрлігі техникалық инспекторлардың өкілеттігін кеңейтіп, еңбек қауіпсіздігіне бақылауды күшейтеді

Еңбек министрлігі техникалық инспекторлардың өкілеттігін кеңейтіп, еңбек қауіпсіздігіне бақылауды күшейтеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда мемлекеттік инспекторлар 17,5 мың жұмыскердің құқығын қорғап, жосықсыз жұмыс берушілерден 452 миллион теңге жалақы берешегін өндіріп алды. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында ведомство қорғаудың жаңа тетіктерін іске қосуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бірінші кезекте қоғамдық бақылау құралдары кеңейтіледі. ҚР Парламентінің қарауына тиісті Заңға түзетулер жолданды, соның арқасында техникалық инспекторлар ақпаратты өз бетінше сұратуға, жұмыс орындарына тексеру жүргізуге және мемлекеттік органдармен тең дәрежеде тергеп-тексерулерге қатысуға заңды құқық алады.

Сонымен қатар Еңбек министрлігі кәсіпорындардағы өндірістік кеңестер жұмысының бірыңғай қағидаларын енгізуде – олар апаттар орын алғанға дейін тәуекелдерді анықтау үшін қатаң түрде паритеттік негізде (жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден және кәсіподақтардан) құрылатын болады. Бұдан бөлек жарақаттарды жасыру фактілерін толық жою үшін ведомство ІІМ-мен бірлесіп деректер алмасу алгоритмін әзірлеуде, бұл жазатайым оқиға бойынша әрбір материалдың процестік шешім қабылданғанға дейін ашық бақылауда болуын қамтамасыз етеді.

Азаматтардың құқықтарын қорғаудың цифрлық құралдарын күшейту де маңызды қадам болмақ. Министр Асқарбек Ертаев жүйе проблемалы кәсіпорындарды нақты уақыт режимінде қадағалап отыруы үшін «Еңбек тәуекелдерінің картасын» басқа мемлекеттік органдардың базаларымен толық интеграциялау міндетін қойды.

«Еңбек тәуекелдерінің картасы жай ғана тізім болмауы тиіс. Ол біз жедел әрекет етіп, адамдардың құқықтарын қорғау үшін жалақыны кешіктіретін проблемалы кәсіпорындарды нақты уақыт режимінде көрсетуі керек. Цифрлық жұмыспен қамту және бақылау құралдары алдын алу бағытында жұмыс істеуі тиіс», – деді ведомство басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...