Түркістан облысында тұңғыш рет «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» халықаралық турнирі өтті

Түркістан облысында тұңғыш рет «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» халықаралық турнирі өтті

Бүгін «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» халықаралық фестиваль аясында балық аулау бойынша бірегей турнир өтті. Түркістан облысының әкімдігі мен «Ауыл» партиясы бірлесіп ұйымдастырған бұл ауқымды шараға өңірдің түкпір-түкпірінен әуесқой және кәсіпқой балықшылар жиналды. Іс-шараға «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері және партия белсенділері қатысты.

«Индустриялық аквамәдениет – ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және ауылдық жерлерде жоғары табысты бизнесті дамытуға септігін тигізсе,спорттық балық аулау, агротуризм мен экотуризмді дамытудың тиімді тетігі болатыны анық», – деп атап өтті «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Турнир халықаралық ережелерге сай, әділ бәсеке жағдайында өтті. Қатысушылар үш бағыт бойынша бақ сынасты:

Жарыс балық аулаудың үш түрі бойынша өткізілді. Қармақпен аулаудан Айтбаев Нурболат – 1 орын, Насиридин уулу Эрлан – 2 орын, Иманбердиев Туребекали – 3 орын, спиннингпен балық аулаудан Абдиев Ғани – 1 орын, Мелдебек Ерхан – 2 орын, Абдужапаров Искендер – 3 орын және фидерлік құралмен балық аулаудан Абдужапаров Жаныбек – 1 орын, Айтбаев Нурболат – 2 орын, Еркебаев Еркин – 3 орын иеленді.

Турнирге қатысушы  Асхат Олжабайдың пікірінше «Әуесқой балықшылық әр жерде бар. Бұл халық арасында ертеден кең тараған демалыстың бір тұрі. Бірақ бүгінгідей сайыстар балық аулаудың мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет,» - деді.          

Бұл жоба Түркістан облысының аймағында экотуризмді дамытуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...