Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндіріліп жатыр

Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндіріліп жатыр
Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы «Білім -мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басымдықтар» деп аталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты- оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...