Еңбек министрлігі Әлеуметтік қолдаудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді жалғастыруда

Еңбек министрлігі Әлеуметтік қолдаудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді жалғастыруда
Жоба Мемлекет басшысының мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында іске асырылуда. Платформа мемлекеттік қызметтерді орталықтандырылған түрде көрсетуді және азаматтардың нақты мұқтаждығы негізінде әлеуметтік көмек ұсынуға көшуді қамтамасыз етіп, қолдаудың ашық, атаулы және тиімді жүйесін қалыптастырады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде еңбек шарттары мен ұйымдардың штаттық кестесін цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда жүйеге 10 мыңнан астам ұйым қосылған.

Платформа аясында қазірдің өзінде қамтамасыз етілді:

  • жалпыға міндетті оқу шаралары бойынша өтінімдерді цифрлық форматта қабылдау;
  • қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;
  • төлемдерді алушыларға тікелей аудару үшін қазынашылық органдарымен интеграциялау.

2026 жылы платформаны одан әрі дамыту жоспарлануда: электрондық үкімет порталы арқылы өтінімдер қабылдауды іске қосу, төлемдердің қайтарылуын автоматты түрде бақылау сервисін енгізу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша 13 шарасын автоматтандыру көзделген.

Министрлік заманауи цифрлық шешімдерді қолдана отырып, Бірыңғай цифрлық платформаның функционалын кеңейту және халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...