11 электр станциясын кеңейту: ұлттық жоба аясында қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады

11 электр станциясын кеңейту: ұлттық жоба аясында қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады
Көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында басым бағыттардың бірі қолданыстағы энергия көздерін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту болмақ, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы, 11 электр станциясында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:

  • Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
  • Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
  • Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);
  • Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
  • Топар ГРЭС-ін жаңғырту (250 МВт);
  • Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
  • Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
  • Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
  • «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
  • Степногорск ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр станцияларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...