Шымкентте қалдықты бөлек жинау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр

Шымкентте қалдықты бөлек жинау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр
Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған заманауи шешімдер енгізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz - Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алаңда аралас қалдыққа арналған бес контейнер және сұрыптап жиналатын фракцияларға арнап тағы үш контейнер орнатылды. Қалдықты дұрыс сұрыптау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы бақылау пункті қарастырылған. Мұнда үдерісті қадағалайтын жауапты қызметкер жұмыс істейтін болады.

Жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде осындай 100-ге жуық контейнерлік алаң орнату жоспарланған. Алдағы уақытта бұл тәжірибе қала бойынша кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл өз кезегінде қалдықты бөлек жинау мен қайта өңдеудің жүйелі тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...