Тұрғындар мәселелерін шешу

Тұрғындар мәселелерін шешу

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік мекемелердің қызметінде кедергісіз орта құру, сондай-ақ фронт-офистерді енгізу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппаратында «Open Ѕрасе», «Ашық әкімдік» форматында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Open Ѕрасе» форматындағы «Ашық әкімдік» кеңсесіне арнайы 2 қызметкер бекітіліп, тұрғындарға кедергісіз кіріп шығуға қолайлы орта жасалып, электронды қолтаңба, анықтамалар алуға және т.б. қызметтер көрсетуде.
Жыл басынан бері «Ашық әкімдік» кеңсесіндегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан 437 аудан тұрғынына 1311 электронды мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзім және орынбасарларым жыл басынан бері жалпы 17 рет жеке қабылдау өткізіп, 40 азамат қабылдауда болды. Аталған 40 азаматтың өтініштерінің 23-і толық қанағаттандырылды, 19-на түсіндірмелер берілді, 1 өтініш құзырлы мекемге жолданды, қалған 7 өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халықтың қала өміріне етене жақын араласуы біздің де жұмысымызды жеңілдетеді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...