Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеп, елдің өтпелі кезеңге қадам басқанын және ауқымды саяси өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, қоғамда Конституцияға қатысты пікір алмасу процесі кеше ғана басталған жоқ, бұл талқылаулар жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Барлық ұсыныстарды жүйелі түрде сараптау және бағалау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды.
Жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар Қазақстанның саяси жүйесінің даму қисыны мен бірізділігін қамтамасыз етеді. Бұл құжат негізінен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сүйеніп жасалған, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өз сөзінде реформалардың елдің тұрақтылығы мен дамуына қызмет ететінін, сондай-ақ мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтетінін ерекше айтты.

