«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

Катардағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің концерті болды. Ұжым көрерменге қазақ халқының бай рухани мұрасын ұсынып, ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерді заманауи нұсқада көрсете білді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Концерт барысында домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы және басқа да дәстүрлі аспаптарда түрлі шығармалар орындалды. Әрбір композиция қазақ даласының тарихын, мәдениеті мен табиғатын бейнелеп, тыңдармандарға ерекше әсер сыйлады.

Концерттік бағдарламамен қатар арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары таныстырылды. Келген қонақтар ұлттық аспаптар тарихын, жасалу ерекшеліктерін орындау тәсілдерін біліп, Қазақстанның дәстүрлі мәдениетімен жақын танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...