Қызмет пен шығармашылық үндестігі: теңіз жаяу әскерінің матросы Қазақстан тарихының батырлары туралы картиналар жасауда

Қызмет пен шығармашылық үндестігі: теңіз жаяу әскерінің матросы Қазақстан тарихының батырлары туралы картиналар жасауда

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери қызметті шығармашылықпен ұштастырып келеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Атырау облысынан төрт ай бұрын Әскери-теңіз күштерінің қатарына шақырылған ол қазіргі уақытта механик-жүргізуші лауазымында қызмет атқарады.

Бақдәулет Күздібаевтың сурет салуға деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан.

Мектеп және студенттік жылдары ол стендтерді, плакаттар мен қабырға суреттерін безендірген.

Әскер қатарына келгеннен кейін өз әуестігі туралы командирлеріне айтып, олардың қолдауына ие болды. Қазіргі уақытта ол қызметтен бос уақытында сурет салады.

Матростың айтуынша, басты мақсаты — туған әскери бөлімінде игі із қалдырып, өзінен кейін келетін әскери қызметшілердің ұлттық тарихтың батырларын танып, құрметтеуіне үлес қосу.

Қызмет ету барысында Бақдәулет Күздібаев белгілі батырлар мен хандардың бейнесін қамтыған бірқатар ауқымды туындыларды дүниеге әкелді.

Сонымен қатар ол аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған жеке туынды да салды.

Матрос Бақдәулет Күздібаевтың үлгісі қатаң күн тәртібі, жауынгерлік даярлық пен қарқынды жаттығуларға қарамастан, әскерде шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға мүмкіндік бар екенін айқын көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...