Көлік министрлігінде жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

Көлік министрлігінде жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыружәне жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған байланысты Көлік министрлігінде «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болады?» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК комплаенс-қызметінің қызметкері Даниев Нұрлан Серікұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге NotebookLM жасанды интеллект платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды, атап айтқанда:

- құралды қолдану арқылы жұмыс процесстерін оңтайландыруда;

- мәтіндік ақпараттың ауқымды көлемін талдау және өңдеу;

- негізгі тезистерді жүйелеу және материалдарды реттеу.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында жасанды интеллект құралдары мен заманауи цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарында алматылық спортшылар 11 медаль жеңіп алды....