Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын...