Сот актілерін орындаудағы цифрлық жаңашылдықтар өз нәтижесін беруде

Сот актілерін орындаудағы цифрлық жаңашылдықтар өз нәтижесін беруде

Шымкент қаласында сот актілерін орындау саласында цифрлық шешімдер кеңінен енгізіліп, нақты әрі оң нәтижелер беріп отыр. Соның ең маңыздысы – «робот-сот орындаушы» жүйесінің іске қосылуы. Бұл жүйе мемлекет пайдасына 20 АЕК-ке дейінгі берешектерді толық автоматтандырылған режимде өндіруге мүмкіндік береді.
- 2025 жылы осы жүйе арқылы 31 225 атқарушылық іс аяқталып, 650 миллион теңге мемлекет пайдасына өндірілді.
- Ең бастысы – азаматтар жеке сот орындаушысына төленетін шығыннан босап, қаржысын үнемдейді.
Тағы бір маңызды цифрлық жаңашылдық – сот орындаушыларымен онлайн байланыс. Енді тараптар aisoip.adilet.gov.kz порталы арқылы «Кабинет сторон» сервисін пайдаланып, электронды өтініш жолдай алады және өз ісі бойынша атқарылған шараларды нақты, ашық форматта көре алады. Орындаушы 5 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті, ал жауап болмаса – өтініш автоматты түрде бақылаушы органдарға жолданады. Бұл жүйе ашықтық пен жауапкершілікті күшейтті.
Әлеуметтік маңызы зор бағыт – алимент өндіру де цифрлық және ұйымдастырушылық шаралар арқылы оң нәтижелер көрсетуде. Қалада тіркелген 13 727 алимент ісінің басым бөлігі уақытылы орындалып жатыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау тетіктері де белсенді қолданылуда.
- 13 еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 306 борышкер тұрақты жұмысқа орналастырылды.
- Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде миллиондаған теңге алимент қарызы өз еркімен толық өтелді.
Цифрландыру тек атқарушылық өндіріс саласында емес, нотариат, адвокатура және сот орындаушыларын аттестаттау жүйесінде де толық енгізілді. Аттестаттау үдерісі толық автоматтандырылып, арнайы компьютерлік орталықтарда өткізіліп жатыр. Бұл – ашықтық пен әділдіктің нақты кепілі.
2025 жылы заң талаптарын бұзған бірқатар нотариус, адвокат және жеке сот орындаушыларына қатысты қатаң, бірақ әділ шаралар қабылданды.
Қорытындылай келе, Шымкент қаласында құқықтық қызметтерді цифрландыру – уақыт талабына сай жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс. Электронды сервистер азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, құқықтық мәселелерді жылдам, ашық және тиімді шешуге жол ашып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын...