Іс-шара мақсаты – қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешудің бірлескен практикалық шешімдерін шығару үшін ашық халықаралық платформа құру.
Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп күтілуде.
Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар:
- Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық;
- Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесі
- Табиғи ресурстарды орнықты басқару;
- Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару;
- Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;
- Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең;
- Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер;
- Климаттық өтуді қолдау.
Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарланып отыр.
2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын.
Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia.

