Қазақстан СІМ-де «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің жаңа басшысымен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің жаңа басшысымен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды

Астана2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-әйелдер құрылымының Қазақстандағы елдік офисінің жаңа басшысы, Орталық Азия елдері бойынша БҰҰ-әйелдер құрылымының үйлестірушісі Джерен Гюресті қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерімен байланысты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ БҰҰ реформасы мен оның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақ дипломаты Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге берік ұстанымын атап өтіп, алдағы парламенттік реформа аясында әйелдерге, жастарға және ерекше өмірлік қажеттіліктері бар адамдарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталатынын хабарлады.

Е.Ашықбаев сондай-ақ Қазақстанда гендерлік күн тәртібін ілгерілету үшін мүмкіндіктер бар екенін, соның ішінде Алматы қаласында орналасқан БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі аясында, ол ұлттық және өңірлік деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруге және бірлескен бастамаларды іске асыруға арналған алаң екенін атап өтті.

Д.Гюрес ҚР Үкіметінің әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі белсенді жұмысын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртібінің басым бағыттары бойынша серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын...