Астана қаласының 6–7 сынып оқушылары арасында өткен QARZHYSKILL қаржылық қауіпсіздік чемпионатының аудандық кезеңі аяқталды

Астана қаласының 6–7 сынып оқушылары арасында өткен QARZHYSKILL қаржылық қауіпсіздік чемпионатының аудандық кезеңі аяқталды

Астана қаласының 6–7 сынып оқушылары арасында өткен QARZHYSKILL қаржылық қауіпсіздік чемпионатының аудандық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Чемпионат аясында оқушылар:

— мектептерінің визиттік карточкаларын креативті түрде таныстырды;

— қаржылық және цифрлық қауіпсіздік негіздері бойынша білімдерін көрсетті;

— сыни ойлау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытты.

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 48 команданың ішінен қаланың әр ауданынан үздік командалар финалға жолдама алды:

▪️ Сарыарқа — №6 гимназия;

▪️ Нұра — №111 жайлы орта мектебі;

▪️ Есіл — №108 жайлы мектебі;

▪️ Алматы — №28 мектеп-лицейі;

▪️ Сарайшық — №112 жайлы орта мектебі;

▪️ Байқоңыр — №8 мектеп-лицейі.

Чемпионаттың финалы 2026 жылғы 27 қаңтарда Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

Чемпионат Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Астана дарыны» орталығының бірлесуімен, «Заң мен тәртіп» нарративі және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Карагандинской области подвели итоги регионального этапа национального конкурса «Мерейлі отбасы – 2026». В этом году участие в отборочных турах приняли...

Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашық деп жариялап, депутаттарға табыс тіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы...