Ірі инвестиция, кең ауқым, тұрақты жұмыс: ALSERA KZ жылыжай жобасының іске асу барысы

Ірі инвестиция, кең ауқым, тұрақты жұмыс: ALSERA KZ жылыжай жобасының іске асу барысы

Шымкент қаласында агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба – ALSERA KZ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи жылыжай кешені кезең-кезеңімен іске асырылуда. Құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын жоба 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады.

Жылыжай кешенінің жалпы аумағы 650 гектарды қамтиды. Қазіргі таңда бірінші кезең аясында 208 гектар жерді игеру жоспарланған. Бүгінде нысанда 3 жылыжай салынып, әрқайсысында 120–150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба толық іске қосылған жағдайда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, ішкі нарықты жыл он екі ай бойы жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Аталған жоба өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып қана қоймай, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де елеулі үлес қоспақ. Сонымен қатар, жоба аясында халықаралық стандарттарға сай заманауи зертханасы бар агроакадемиялық орталық салу жоспарланып отыр. Бұл орталық ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға бағытталады.

Жобаны қаржыландыру толықтай шетелдік инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан салықтық преференциялар беріліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында қолдау көрсетілуде. Бұдан бөлек, инвестор әлеуметтік жауапкершілік аясында балалар алаңдары мен балабақшалар салу, аумақтарды көгалдандыру сынды әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ниетті.

Жылыжай кешенінің жұмыс барысымен танысу мақсатында нысанға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болатбек Нажметдинұлы, Данабек Исабек және Нұрсұлтан Байтілесов, сондай-ақ қала басшылығы өкілдері барды. Депутаттар жобаның өңір экономикасын дамытудағы маңызын атап өтіп, мұндай ірі инвестициялық бастамаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажеттігін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын...