2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10 пайызға өсіріледі

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Индексацияға сәйкес, бұл төлемдер шамамен 10 пайызға өседі, деп хабарлайды No-comment.kz - Ktk.kz сілтеме жасап.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі: 

— 2025 жылғы әлеуметтік бюджет шамамен алты триллион теңгені құрайды. Жыл басында ол 5,9 триллион теңге болды, ал келесі жылға біз әлеуметтік бюджетті 6,8 триллион теңгеге жеткіздік. Яғни биылмен салыстырғанда 887 миллиард теңгеге өсім бар. Бұл қандай қаражат? Зейнетақы мен жәрдемақы 10 пайызға ұлғаяды.

Серік Жұманғарин әлеуметтік төлемдердің жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, биыл зейнетақы мен жәрдемақы 8 жарым пайызға ұлғайған. Келер жылы да бюджеттен қосымша 636 миллиард теңге қарастырылуда. Халықтың әл-ауқатын көтеру мемлекет саясатының негізгі басымдығы дейді министр.

Қазір елімізде 5 миллионға жуық азамат әлеуметтік төлем алып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс төрт жылдан бері қолға алынып, табысты арттыруға арналған арнайы бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.

Watch the video

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚХП Орталық кеңсесінде жаңа Конституция жобасы бойынша пікірталас өтті. Оған партия белсенділері қатысты. Іс-шара партия мектебінің көпшілік алдында...

В центральном офисе НПК состоялись дебаты по проекту новой Конституции. Их участниками стали активисты партии. Мероприятие было организовано в...