Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек

Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда отандық өндіруші мәртебесін растау және мемлекеттік қолдаудың мақсаттылығын жақсартуға арналған «Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі» мемлекеттік цифрлық платформасы іске қосылдыЖүйе қазіртәжірибелік пайдалануға берілген және e-ondiris.gov.kzвеб-сайтында қолжетімді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа цифрлық жүйеге кедергісіз көшуді қамтамасыз етуүшін бұрын жарамды индустриалдық сертификаттар негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде Реестрге ауыстырылды.

Барлық бизнес субъектілері ақпараттық жүйеде тіркелуге Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш бере алады.

Бүгінгі күні:

• жүйеге 2 769-дан астам компания тіркелді;
• 1 346 өтінім қабылданды;

Реестрге қазірдің өзінде машина жасауқұрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар кіредісоның ішінде теміржол техникасы, автомобиль компоненттерісорғы жабдықтары, цемент, бетон бұйымдарыкерамикалық плиткалар және аяқ киім өндірушілері бар

Бұрын Реестрге автоматты түрде қосылған өндірушілер жүйедегі ақпараттарын 30 қаңтарға дейін толтырыпөтініштерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылырастауы тиісБұл талапты орындамау жағдайында кәсіпорындар Қазақстандық өндірушілер реестрінен шығарылады.

Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруғаәкімшілік кедергілерді азайтуға және мемлекеттік қолдау шараларының тек нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға бағытталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін біртіндеп толықтыру жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...