Вице-премьер Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Вице-премьер Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 2026 жылға арналған цифрлық трансформацияның басым бағыттарын айқындау бойынша өңірлермен жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Әкімдіктермен және жергілікті салалық ұйымдармен бірлесіп, цифрлық даму жоспарлары мен жасанды интеллект шешімдерін енгізуге дайындық деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізілуде.

Қарағанды қаласында облыс басшылығы және салалық қызметтермен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі цифрлық трансформацияның серпіні, IT-индустрияның дамуы, сондай-ақ жасанды интеллектіге негізделген шешімдерді экономика мен мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.

Талқылаудың негізгі бағыттары телекоммуникациялық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікті дамыту, өңірлік IT-хабтардың әлеуетін арттыру, халыққа қызмет көрсету цифрлық кеңселерін трансформациялау, Smart City жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканың нақты секторын цифрландыру болды.

Әрбір аталған бағыт бойынша өңірлік ерекшеліктер мен нысаналы көрсеткіштерді ескере отырып, оларды одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар мен тәсілдер таныстырылды.

Өңірде қоғамдық қауіпсіздік, көлік, қалалық инфрақұрылым және деректерді басқару салаларында цифрлық жүйелер нақты уақыт жағдайында жұмыс істейді. Вице-премьер қолданыстағы цифрлық жүйелердің қызметімен танысты. Олардың күнделікті тәжірибедегі тиімділігі бағаланып, әлсіз тұстары анықталып, күшейту шаралары белгіленді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтар үшін ыңғайлы, бизнес үшін тиімді болғаны және үрдістердің ашықтығы басымдыққа алына отырып, 2026 жылға арналған жоспарға енгізілетін нақты міндеттер мен ұсыныстар тізбегі жасақталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...