ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты

ШҚО-да полиция жоғалған жасөспірімді аман-есен тапты

2025 жылғы 31 желтоқсанда Риддер қаласының полиция бөліміне оқу орнынан кейін үйіне ұзақ уақыт бойы оралмаған кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жедел түрде іздестіру жұмыстарын бастады. Іздестіру жұмыстары екі тәуліктен астам уақытқа созылды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылы, сондай-ақ азаматтардың көрсеткен көмегінің арқасында жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Ол аман-есен табылып, үйіне жеткізілді.

Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері мен осындай жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, олармен тұрақты байланыста болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде 102 нөмірі арқылы полицияға жедел хабарласуға шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...